
Мектептің ашылу тарихы 1955 жылдан басталады. МТС-тің жатаханасында бастауыш мектеп болып ашылған шағын білім мекемесіне Н. К. Крупская есімі беріледі.1959 жылы жетіжылдық, 1963 жылы сегізжылдық, 1966 жылы 4 кабинет қосылып, орта мектеп болды. Басында тек қана орыс сыныбы болса, 1987 жылдан бастап бірінші рет қазақ сыныбы ашылады, 1997 жылы алғашқы қазақ сыныбы түлектері бітіріп шықты. 1992 жылы мектепке ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі беріліп, 2011 жылы 13 желтоқсанда 3 қабатты, типтік жаңа ғимаратқа көшірілді.
2012 жылғы 31 тамыздағы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №761 бұйрығына сәйкес «Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Мақатаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында Тірек мектебінде (РО) білім беру үрдісін технологияландырудың педагогикалық негіздері» тақырыбымен 2012-2017 жылдарға эксперимент алаңы болып бекітіліп, М. Мақатаев атындағы тірек мектебі (РО) деген атау берілді.


