«Бауыржан Момышұлы -ерлік пен өрліктің мұрасы! тарихи кеші
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)
3 желтоқсан күні Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай “Б.Момышұлы - ерлік пен өрліктің мұрасы” атты тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тарихи кеш өтті.
Іс-шараға мектеп директоры М.Султанова, директордың оқу ісінің орынбасарлары Б.Джексенбаева, А.Рахматова, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Адалбекова, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында батыр бабамыздың өмірі мен ерлік істері туралы көріністер мен видеороликтер көрсетілді. Оқушылар Б.Момышұлының нақыл сөздері мен батыр атамызға арналған өлеңдерді жатқа оқыды.
Іс-шара соңында тарих пәні мұғалімі Г.Омбаева “Батыр Бауыржан” әнін орындап, тарихи кешті аяқтады.
#Бауыржан_Момышұлына115 жыл


