«Жеңге мінезімен көркем» тақырыбында коучинг сабағы өткізілді. Коучингтің мақсаты – ұлттық салт-дәстүрдегі жеңгелердің тәрбиелік болмысын, қарым-қатынастағы әдептілігін, үйлесімділік пен сыйластықты сақтау үлгісін отбасы мүшелерімен тіл табысудың,жеңгелік міндет пен жауапкершіліктің салмағын және қайын іні,қайын сіңілдеріне жеңгелік ақылын айтудың маңыздылығын айқындау
Коучинг барысында қатысушы жеңгелеріміз бен оқушы қыз балаларға еңгелердің орны жайында видиоролик көрсетіліп сұрақ-жауап ойыны арқылы қазақтың ұлттық құндылығын айшықтайтын дүниелермен айта өтті.Отбасында жеңгенің рөлімен қайын сіңілі арасындағы қарым қатнас жайында айтылды.Жеңгелердің пікірлерімен ой алмасты.
Коучинг қорытындысында жеңгелер оқушы қыздарға өз ұсыныстарын болшақта отбасында жеңгелерінің орны бөлек екенін айта өтті.


