Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-нің кітапханасында білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, отаншылдық, ұйымшылдық, азаматтылығын, жауапкершілігін, имандылығын мен басқа да қасиеттерін дамытуға кешенді қарау мақсатында кітапхана жанынан кітапхана активі құрылды. Кітапхана активіне 4–9 сынып оқушыларынан өкілдер қатысып, кітапхана активінің алғашқы отырысы 3 желтоқсан 2025 жылы ұйымдастырылды. Кітапхана активінің алғашқы отырысында актив төрағасы мен оның орынбасарлары сайланды. Кітапхана активі бір жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, кітапхана активінің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізілетіндігі түсіндірілді. Кітапхана жұмысының тиімділігін арттыру үшін кітапхана активі бірнеше секцияларға бөлінді. Атап айтсақ, «Кітаптарды өңдеу», «Тәртіп сақшылары», «Жаңа кітаптар насихатшылары», «Байланысшылар» секциялары. Жиын соңында кітапхананың актив мүшелері кітапханашылардың сенімді серіктестері, рухани өмірдің белсенді қатысушылары, сондай-ақ кітап насихаттаушы тұлғалар екендігі баса айтылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
МЕНЮ
КІТАПХАНА АКТИВ
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


