«Заңды білу –заман талабы» тақырыбындағы аудандық семинар!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 2025 жылдың 27 қараша күні «Заңды білу –заман талабы» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған аудандық семинар өтті. Семинар «Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары: мектептегі құқықтық мәдениет » тақырыбындағы мектеп директоры Султанова Махаббат Тулегенқызығының баяндамасымен басталып , Шу аудандық білім бөлімінің әдіскері Асқарбек Айғаным Рымбекқызының қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі басты назарда екенін , қоғамды тәрбиелеуде мектептің атқарар жұмысының маңызы туралы алғы сөзімен жалғасты. Семинар бағдарламасының практикалық бөлімінде құқықтық жағдайларға сәйкес топтық тапсырмалар, қиын балалармен, ата-аналармен жұмыс үлгілері, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстарының үлгілері, коучингтер өткізілді. Семинар барысында мектеп тәжірибесі, презентациялар, бенематериалдар ұсынылды. Семинардың қорытындысы жасалып қатысушылардан кері байланыс алынып, сі-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге сертификаттар табысталды.


