Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
«Заңды білу –заман талабы» тақырыбындағы аудандық семинар!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 2025 жылдың 27 қараша күні «Заңды білу –заман талабы» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған аудандық семинар өтті. Семинар «Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары: мектептегі құқықтық мәдениет » тақырыбындағы мектеп директоры Султанова Махаббат Тулегенқызығының баяндамасымен басталып , Шу аудандық білім бөлімінің әдіскері Асқарбек Айғаным Рымбекқызының қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі басты назарда екенін , қоғамды тәрбиелеуде мектептің атқарар жұмысының маңызы туралы алғы сөзімен жалғасты. Семинар бағдарламасының практикалық бөлімінде құқықтық жағдайларға сәйкес топтық тапсырмалар, қиын балалармен, ата-аналармен жұмыс үлгілері, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстарының үлгілері, коучингтер өткізілді. Семинар барысында мектеп тәжірибесі, презентациялар, бенематериалдар ұсынылды. Семинардың қорытындысы жасалып қатысушылардан кері байланыс алынып, сі-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге сертификаттар табысталды.
Қоғам жанашыры Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызынмен кездесу!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 2025 жылдың 28 қараша күні халық жанашыры, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының директоры Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы «Ауыл тағдыры-Ұлт болашағы» экспедициясы аясында мектебімізге арнайы ат басын бұрды. Ел анасын «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Болатхан Ниязбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Саттарқұлұлы бастап жүрді. Жоспарға сәйкес мектеп акт залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтер, оқушылармен жарқын кездесу өтті. Оқушыларымыз түрлі сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды, кездесу еркін форматта өтті, соңында апамыз батасын беріп, естелікке суретке түсті.
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) КММ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мамандарымен
11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Мақсаты:
Оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара қызметі туралы түсінік беру, бұл саладағы мамандықтармен таныстыру және патриоттық рухта кәсіби бағдар қалыптастыру.
ҰҚК Шекара қызметі деген не?
Шекара қызметі – Қазақстан Республикасының шекарасының тұтастығын, қауіпсіздігін және егемендігін қорғауға жауапты арнайы мемлекеттік құрылым.
Бұл қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамында жұмыс істейді.
Негізгі міндеттері:
Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау,
заңсыз өтулердің алдын алу, терроризм, қару, есірткі тасымалына қарсы іс-шаралар, шекаралық бақылау жүргізу (авиа, авто, теміржол бекеттерінде)
Мамандықтар:
Шекарашы офицер
Күзет қызметкері
Кинолог (итпен жұмыс істейтін маман) - Радиобайланыс маманы
Әскери көлік жүргізушісі - Тілші-сарапшы (шекаралық тексеріс кезінде) мамандықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Педогог-профориентатор
Асаиынова.Ж
Алатаева.А
28.11.2025ж
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-нің кітапханасында 2025 жылдың 27 қараша күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі» атты оқу сағаты 1-4 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Жанатауова Айнаш Құспанқызы балаларға базарлық ретінде қызықты қазақ ертегілерін оқып берді. Іс-шараның негізгі мақсаты жас ұрпақты қазақ ертегісі арқылы ертегіге деген қызығушылықтарын, ой-қиялдарын дамыту, мейірімділікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ