"Әліппе, саған мың алғыс!"
М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) 1-сынып оқушыларының «Әліппе, саған мың алғыс!» атты ертеңгілігі өтті.
Әліппе — бүкіл ғылым-білімге бастайтын алғашқы қадам. Ұлы ақын Абай:
«Данышпандық істі қалай бастауында емес, аяқтауында», — деген екен.
Сондықтан да мектебіміздің 1-сынып оқушылары әліппені қалай меңгеріп, табысты аяқтағандарын сахна төрінде көрсетті.
Әр сынып ертеңгілікке тыңғылықты дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Қысқа уақыт ішінде әліппеден үйренген білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, ата-аналар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


