Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
МЕНЮ
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта(РО)мектебінде
8-9сынып оқушыларының қатысуымен сессия барысында үйірме жетекшісі Ф.АБдукаимова «Туған жердің әр тасы қымбат маған...» атты сайыс өткізді.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын
үлгі ете отырып, оқушыларды туған жерін сүюге,туған елін,оның ұлтжанды азаматтарын біліп,қастерлеуге үйрету.
Оқушылары 2-топқа бөлінді
«Тянь-Шань» және « Бұлақ» тобы болып қатысты.
Сабақ барысында оқушылар өз білімдерін тапқырлықтарын көрсете білді.Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен «Бұлақ» тобы 1-орын иеленіп, дипломдармен
марапатталды,
сыйлықтар таратылды.
Танымдық сағат соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н Джексенбаева
оқушыларға тәлімі мол тәрбиелі азамат (ша)болып өсулеріне сенім білдіріп, оқушыларға жылы лебіздерін айтты.

М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) көктемгі сессия барысында «Волейбол» үйірмесінің жетекшілері М.Мухиев, Р.Айтишев, М.Иманбаевтың ұйымдастыруымен тірек мектебі мен магниттік мектептердің 10-11сынып оқушыларының арасында түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыс комбинацияларын жалпылау және жетілдіру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жарыс кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру, әрқашан барлық жағдайға дайын болу мақсатында «Волейбол» ойынынан жарыс өткізді. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар сапқа тұрғызылып, әнұран орындалды. Мектеп директорының эксперименттік ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева өз сөзінде жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова оқушыларға өз тілегін білдірді. Жарысқа Тірек мектебі және 4магниттік мектептерден араласып қатысып, жеребе тастау арқылы кім-кіммен ойнайтыны анықталды. Оқушылар жақсы көңіл күйде ойын көрсетіп, жарысты жиі өткізулерін сұрады. Оқушылар ойында жинаған ұпайларының нәтижесінде жүлделі орындарға ие болып, ойын барысында өз өнерлерімен көзге түскен мектеп оқушылары «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», үздік ойын көрсеткені үшін дипломымен марапатталды.
Жарыс соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы сөз алып, жарысқа қатысқан оқушыларға өз тілегін білдіріп, қорытындылады.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 22.04.2024 жылы Алға орта мектебінің 10,11 сынып оқушыларының қатысуымен көктемгі сессия барысында, үйірме жетекшісі Б.Құсаинова «Ана- әлемнің шамшырағы» атты танымдық сағат өткізді. Танымдық сағаттың мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті, сый- құрметті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Балалардың бойына ізгілік, инабаттылық, биязылыққа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу еді. Танымдық сағат барысында оқушылар ана туралы жыр арнаулары мен өлеңдерін оқып шықты. Мың бұралған бишілер мен жезтаңдай әншілер көрерменді тәнті етті.
Алға орта мектебінің оқушылары «Кешір ана» көрінісін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Ораз Гүлназ ана рөлін сомдаса, Мұратханұлы Бекнұр баласының рөлін керемет алып шықты, жеткіншек баланың рөлін Қойбай Ерали алып шықса, келін рөлін тамаша сомдап шыққан Қырғызбай Інкәр көрермендерді таң қалдырды, Тілеумұратова Сарбиноз құрбы рөлін жоғары деңгейде көрсете білді. Ортаға күйшілер тобы шығып, қазақтың атақты күйші-композиторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйінің авторын бір минуттық үнсіздікпен еске алып барып «Ерке сылқым» күйін шертті. Күйшілердің сырын ұғыну үшін кейде күй әлеміне саяхаттағымыз келеді. Сол саяхатқа да сапар шеккендей күйде болдық. Танымдық сағаттың соңында оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын талқылап, аналарына алғыстарын жаудырды. Сахнада өнер көрсеткен оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.

10 сәуір күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) көктемгі сессия барысында тарих пәнінің мұғалімі Қ.Асенованың ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында « Жеті атасын білмеген жетесіз.. » атты тақырыбында танымдық сағат өтті. Танымдық сағат мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Жеті санының сырын ашу.
Танымдық сағат Еңбекші орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қонысбай Аянаның "Жеті санының кереметі" тақырыбына дайындаған видеороликпен ашылды.
Танымдық сағат соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева оқушыларға тәлімі мол тәрбиелі азамат (ша) болып өсулеріне сенім білдіріп, болашақтарының жарқын болуына тілектестігін айтып өтті. Сондай-ақ басқа да пән мұғалімдері де өз ризашылықтарын білдіре отырып, оқушыларға да жылы лебізін білдірді.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


