Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ

Мектебімізде Ахмет Байтұрсыновтың 151 жылдығына орай "Қазақтың болашағы қазақ тілінде» атты танымдық сағаты өтті. Мақсаты: ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Танымдық сағат ақынның «Қасқыр мен лақ» шығармасынан көрініс қоюмен басталды. 9 «А» сынып оқушылары ақынның туылған жері туралы, білім алған және жұмыс жасаған жері мен еңбектері туралы, сонымен қатар ақынның жазған өлеңдерін нақышына келтіріп оқып шықты. Жансары Арайлым мен Қонысбай Жанель «Балбырауын» күйін тамаша орындап шықты.

15.06.2023ж2.jpg

М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) сессияаралық кезеңде директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының бастамасымен танымдық сағаттар өткізілді. 2023 жылдың 23 мамырында Жайсан ауылы Жайсан орта мектебінің 8-9 сыныптар арасында және 26 мамыр Алға ауылы Алға орта мектебінің 8-9 сыныптар арасында тірек мектебінің «Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі» атты үйірменің жетекшісі Асенова Қазына Темірханқызы «Ұлы дала елінің бахадүрі - Сұлтан Бейбарыс 800 жыл» тақырыбында 5ылыми жоба ретіндегі дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларға айбынды қолбасшы, дана саясатшы, өз ұлтының адал перзенті, бөтен жерде жүрсе де өгей ұлдай болмаған Бейбарыстың өмір жолы туралы араб тіліндегі бұрын қазақ оқырманына белгісіз болып келген деректерді жеткізу болды. Ата-бабаларымыздың мұрасын білу, біліп қана қоймай оны зерттеп, оған ие болу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екені даусыз. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, «Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерліктерді білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру бекершілік» деген екен. Аталған екі мектептің де оқушылары жоғары қызығушылықпен дөңгелек үстелге ат салысты, өз ойларын жеткізе біледі, білім атты қоржындарына тағы бір батыр туралы мағлұматтарды жинап қайтты. Дөңгелек үстел соңында кері байланыс жасап дөңгелек үстелден алған әсерлерін шығарма түрінде жазып өткізді. Келесі оқу жылында осы тақырып жалғасын табады.

02.06.2023ж.jpg

2023 жылдың мамыр айының 10-ы күні М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) мұғалімдері, үйірме жетекшілері Абдукаимова Фаризат және Қайыржанова Гулмираның ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінде «1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі» күні мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, өз Отанын сүюге, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға, біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін дәріптеу және жас буынның шығармашылық қабілеттерін нығайту, ұлттық сана – сезімі қалыптасқан, ұлттың мүдденің өркенднуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар мен жалпы адамзаттың құндылықтарды өзара ұштастыра алатын тұлғаны тәрбиелеу, 8-9сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында сайыс сабақ жоғары деңгейде өтті. Сайыс сабақ 5кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең: Таныстыру
Екінші кезең: «Өнерілінің он қолы бар» (ұлттық сән үлгісін көрсету)
Үшінші кезең: «Ән көңілдің ажары, мың бұралған бишілер» (ән немесе би, өз өнерлерін көрсету)
Төртінші кезең: «Ас адамның арқауы» (ұлттық тағамдар көрінісі)
Бесінші бөлім: «Әрқашан күн сөнбесін» (сурет салу, сол жерде)
Әр сынып оқушылары: қазақ, орыс, түрік, кәріс, украин ұлты болып бөлініп, әр ұлт өкілдерінің тағамдарын жасап алып келіп таныстырып, әр ұлттың тарихын дәстүрін дәріптеп, әр ұлттың өнерлерін көрсетті.
Сайыс соңын М. Мақатаев атындағы тірек орта мектеп (РО) директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева және Ш.Мұртаза атындағы орта мектеп директорының орынбасары Қ.Мейрманова қорытындылады.
29.05.2023ж2.jpg
2023 жылдың сәуір айының 4і күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен көктемгі сессия кезінде «Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге «Озат тәжірибе мектебін құру» тақырыбында «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалінің иегері, география пәні мұғалімі Баетова Анар Ермеккызы теориялық семинар өткізді. Семинарға мектеп әкімшілігі және мектептің мұғалімдері қатысты.
Педагогикалық озат тәжірибені таратудың мақсат, міндеттерімен, сонымен қатар тәжірибені тарату түрлерімен, тәжірибені тарату технологиясының теориясымен таныстырды.
Педагогикалық озат іс –тәжірибе таратудың мақсаты:
Педагогикалық озат іс-тәжірибені анықтау, талдау, педагог қызметкерлердің инновациялық, шығармашылық тәжірибесін қазіргі зерттеулер мен педагогика және психология жетістіктерін ескере отырып тарату.
Міндеттері:
- Тұтынушыларды инновация мәселелері туралы сұраныспен қамтамасыз ету;
- Педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал ету;
- Педагогикалық еңбек рефлексиясын жүзеге асыруға жағдай туғызу (жеке, ұжымдық кеңес беру, дайындық);
- Педагогикалық ақпарат банкін жасау;
Тәжірибені тарату түрлері:
1. Ұжымдық тәжірибе
2. Жеке тәжірибе
3. Мазмұнды тәжірибе (курстар, іс- тәжірибелік материалдар, әдістемелік нұсқаулар)
4. Технологиялық тәжірибе / педагогикалық технологияларды қолдана отырып/
5. Басқарушылық тәжірибе (білім сапасын басқару, білім сапасы мониторингі, педагог жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету)
Тәжірибені тарату технологиясы:
- Шығармашылық есеп, жеке-шығармашылық есеп, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндама т.б. түрінде таратуға болатындығы туралы айтылды.
Осы жұмыстарды тәжірибе жүзінде электронды портфолиосын көрсетіп, өзінің іс- тәжірибесімен бөлісті.
Осы семинардың жалғасы ретінде шығармашылық көрмеге жылдың қорытындысымен озат тәжірибені тарату үшін Абдикасимов Канат Бактыбекович, Еркебаева Роза Абдигуловна, Казанбаева Гульнур Бейсенбаевнаның іс-тәжірибелері ұсынылды.
10.04.2023ж.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ