Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 19.01.2023ж. күні директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаеваның ұйымдастыруымен «Сыныптық жұмысты талдау» тақырыбында семинар өтті. Магниттік мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері және ұйымдастырушы мектептің сынып жетекшілерінің қатысуымен өткен семинардың мақсаты: Жас ұрпақтың тәрбиесі нәтижелі болуы үшін мектептегі және мектептен тыс тәрбие үдерісін жетілдіру.
Міндеттері: қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге арналған топ құру; іскерлік
қатынас желісін орнату; сыныптық жұмыстың кешенді жүргізілуін қамтамасыз ету.
Семинар Баян Ниятуллақызының сөзімен басталды. Мақсатты іске асыру аймағы мен міндетті іске асыру аймағын толық ашып, нақты дәйектерді келтірді. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиеге баса назар аударып, қатысушы қонақтардың пікірін білді. Өткен күннің бала тәрбиесі жөнінде «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсете отырып, өзекті тақырыпты қозғады. Бүгінгі күннің бала тәрбиесі жөніндегі олқылықтар мен жетістікке жету үшін атқару керек жұмыстарды баса айтты.
Келесі сөз кезегін семинарға жауапты мұғалімнің бірі А.Орынбаева алып, өз сыныбына жүргізген жұмыстың зерттеуін, яғни «социометрия» әдісін тәжірибе жүзінде көрсетіп, түсіндірді. Зерттеу жұмысы «социометрия» әдісі барысында анықталған тұйық, оқшауланған, назардан тыс қалған оқушылармен жұмыс жүргізуді мектеп психологына тапсырды. Зерттеу нәтижесінде қатысушыларға бала тәрбиесіне қатысты ситуациялық сұрақтар қойылып пікірлер тыңдалды.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей, тәрбиеден кейін білім сапасы талқыланды. М.Жаппарова сынып жетекшілік етіп жүрген 10-сынып оқушыларының білім сапасын өткен екі тоқсанды салыстырмалы түрде көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сыныптағы жетістікке жету жолдарын сыныппен жүргізген талдау жұмыстарын салыстырмалы түрде көрсетіп, екі тоқсан арасындағы жетістікке қалай жеткені туралы талдап берді.
1. Жетістік бойынша талдау
2. Кемшіліктер бойынша талдау
3. Білім сапасының талдауы
4. Тәрбие сағаты бойынша талдау
5. Сынып жиналысының талдауы
6. Ата-аналармен өткізілген жиналыстардың талдауы
7. Сынып активтерімен жүргізілген жұмыстардың талдауы
8. Қоғамдық пайдалы еңбек туралы және еңбекке тәрбиелеу талдау
9. Отбасылық тәрбие туралы талдау
Білім сапасын көтерудегі атқарылу керек жұмыс түрлерімен ой бөлісті.
Семинар соңына қарай өткен күн мен бүгінгі күннің бала тәрбиесі туралы айтылып талқыланған соң болашаққа көз жүгірту де ұмыт қалдырылмады. С.Дауренбекова сөз кезегін алып, қатысушы қонақтарды «Болашаққа көзқарас» деп Ата-аналар тобы: «Болашақтың мұғалімі»; Оқушылар тобы: «Болашақтың оқушысы; Мұғалімдер тобы: «Болашақтың ата-анасы»; Сынып жетекші тобы: «Болашақтың сынып жетекшісі»; Әкімшілік тобы: «Болашақ мектеп» тақырыптарында постер қорғауға жұмылдырды. Барлық қатысып отырған сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі белсене қатысып, постерді тамаша қорғап шықты. Көптеген ой-пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар соңында Еңбекші орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапсарбаев Асылхан, Алға орта мектебінен келген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадраимова Сая, Жайсан орта мектебінен келген мұғалім, сынып жетекші Абике Асель өз сөздерінде бүгінгі семинар жұмысына оң бағаларын беріп, тәжірибе алмасуда қоржындарын толтырып бара жатқандарын атап өтті.
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Ақылбекова Білжан: «Семинар жүйелі түрде ұйымдастырылған. Социометриялық талдаудың тиімділігін көрдім. Алдағы уақытта сол талдауды сыныбыммен жүргізіп бір жақсы нәтижеге жетемін деп ойлаймын» деп пікірін білдірді.
Семинар қорытындысында мектеп директоры Сихимова Алтынкул Мадиомаровна сөз алып, сыныптық жұмысты талдау: жетістіктері мен кемшіліктердің басты себептерін тауып, келесі жұмысты дұрыс жоспарлау; оқыту сапасын жақсарту; сынып жетекшінің кәсіби шеберлігін арттыру; жұмыс тәжірибесіне жаңалық енгізу; сабақта оқу-тәрбие процесін бағалау мақсатында; оқушының дамуын анықтау; жүргізілген жұмыс нәтижесін көру үшін қажет екені айтып өтті.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Кері байланыс алынып, мұғалімдер өз ұсыныстарын білдірді. Әр атқарылған іс жүйелі түрде жүргізілген кезде нәтиже болатынына көз жетті. Осылай семинар өз жұмысын аяқтады.
24.01.2023ж_2.jpg

2022 жылы 21 желтоқсанда Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) үйірме жетекшілері Асенова Қазына және Кайбагарова Нұрзада жоспарға сәйкес 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді жан - жақты таныстыру, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, оқушыларды отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге оқушылар белсене қатысты. Оқушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы, авторлары жайында, елтаңба мен туда бейнеленген бейнелердің мағынасын ашып айтып, өз білімдерімен бөлісті. Әнұран шырқалып, рәміздер туралы слайд, бейнебаян көрсетілді. Дөңгелек үстелге мектеп басшылары, ұстаздар, оқушылар қатысты. Жексенбаева Баян Ниятуллақызы дөңгелек үстелге қатысушыларды мерекемен құттықтады және рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігінің мықты тіреуі болып табылатынын, әрбір азамат оларды сыйлауға тиіс екендігін еске салды.

27.12.2022ж.jpg

2022 жылы 15 желтоқсан күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, кітапханашылар А.Тоқтыбаева, А,Әбдеш және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ибрагимованың ұйымдастыруымен экспериментке алынған 8-9-сынып оқушылары арасында «Кітап- рухани байлығымыз!» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызды білім құралы екенін түсіндіре отырып, елінің үмітін ақтайтын, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында өткізілген танымдық кеште «Мен оқыған бір кітап», «Кітап пен қалам егіз ұғым», «Білім көзі - кітапта», «Көрерменге сауал» кезеңдері бойынша түрлі тапсырмалар орындалды. «Мен оқыған бір кітап» кезеңінде оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан түсінгендерін оқиғаның сюжеттік желісі бойынша талдап, мазмұнын айтса, «Кітап пен қалам егіз ұғым» бөлімінде оқушылар өздері оқыған шығармаларының авторына және ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлеріне деген ерекше сезімдерін хат жазу арқылы толқыныспен әсерлі жеткізе білді. Келесі «Білім көзі - кітапта», «Көрерменге сауал» бөлімдерінде сұрақтарға жауап беріп, көрермендермен ой бөлісті. Көрермендер де өз кезегінде бүгінгі көпшіліктің санасы ғаламторға шырмалған заманда өзекті болып , ел мұңына айналған сауалдар төңірегінде ой қозғады.
Кітапханашы А.Тоқтыбаева кітапханамыздың қорын толықтырып отырған жаңа кітаптарды оқуға шақыру мақсатында «Жаңа кітап- жаңа әлем» атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырып өтті.
Кеш соңында белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
23.12.2022ж.jpg
M.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 20 желтоқсан күні мектеп мұғалімдері мен магниттік мектеп мұғалімдері арасында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Адишев Б,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзаханова Л,ағылшын пәні мұғалімдері Сырымбетова Ш мен Мамбетбаева Ф «Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы білім беру процесінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру,қорғау» тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты: Тыңдаушыларды негізгі бағалауда қолданылатын критерийлерімен таныстыру , олармен жұмыс жасаудың жолдарын көрсету.
Семинар барысында мұғалімдер қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру және дескриптор арқылы бағалаудың маңыздылығына тоқталды.Семинарда «Еркін микрофон» әдісі арқылы семинар қатысушыларына сұрақтар қойылды. Семинар соңында мұғалімдерден кері байланыс алынды.
22.12.2022ж.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ