Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
Ақпан айының 23 жұлдызында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Мұғалімнің кәсіби құндылығы – білім, қабілет, тәжірибе, даналық, даралық қасиеттері» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел өткізудегі мақсат: адамның даралық, даналық, ұлттық және кәсіби құндылықтарын аша отырып, тәжірибе алмасу болды.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары тірек мектеп мұғалімдері мен жас мамандары және магниттік мектептің мұғалімдері. Дөңгелек үстелде қатысушылар «құндылық» сөзінің мәнін аша отырып, қазіргі таңдағы мұғалім бейнесінің қандай болу керектігі туралы сөз қозғап, «ұстаз» ұғымына тереңінен тоқталып өтті. Ұйымдастырушылар: Роза Әбдіғұлқызы,Гүлнұр Бейсенбайқызы, Жұлдыз Тоқтасынқызы тақырыпты ашуда түрлі тапсырмаларды қадам-қадамымен ұсынып отырды. Қатысушылар берілген сауалдарға ұтымды жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Көрсетілген бейнефильмнен берілген үзіндіден түйген ойларын ортаға салып, оқушылармен болатын түйткілді жағдаяттардан шығудың жолдары туралы кеңестер айтылды.
Дөңгелек үстел соңында сарапшылар мен тілшілер пікірлерін айтты. Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы барлық қатысушы мұғалімдерге алдағы қызмет жолдарына сәттілік тілеп қорытынды сөз сөйледі.
27.02.2023ж2.jpg

20 ақпан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ро) сессия жоспары бойынша 8-9- сынып оқушыларының қатысуымен «Дебат – сөз додасы» атты пікірсайыс турнирі өтті. Дебат қарары «Кітап па, әлде интернет пе?» және «Бақыттың кілті байлықта деп есептейді». Дебатқа төрт фракция қатысты «Алаш орда» және «Парламент», «Алаш» және «Ұшқын» фракциялары. Нәтижесінде «Парламент» және «Алаш» фракциясы жеңіске жетті. Дебатқа төрелік еткен тарих пәнінің мұғалімі Абдикасимов Қанат ағай және Рахым Даниял. Ұйымдастырушы Кайбагарова Нұрзада

21.02.2023ж.jpg

Ақпан айының 13-ші күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) директордың эксперимент - ісі жөніндегі орынбасары Жексембаева Б. Н., Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Абдикасимов К. Б., ағылшын тілі пәні мұғалімі Сырымбетова Ш. М. , 9 "Ә" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Кенесары Қасымұлының тұғанына 220 жыл" атты танымдық сағат жоғары деңгейде өтті.
Мақсаты: Қазақтың батыры, көшбасшысы, соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ерліктері туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу болатын. Осы мақсатта оқушылар Кенесары туралы жырларды, Кенесары монологын зор-толғаныспен көрермендердің жүрегіне жеткізе білді. Танымдық сағатта "Соңғы көш", "Кенесары ханның түсі" атты көріністер қойылды.
Ұстаздар, көрермен оқушылар Кенесары хан туралы білгендерін ортаға салып кері байланысқа шықты. Кештің соңында "Көк тудың желбірегені" әнін залдағы көрермендермен бірге шырқалды.
15.02.2023ж.jpg
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарына белсенділігін қалыптастырудағы жұмыстың рөлі» атты тақырыпта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен презентация болып өтті. Презентацияның мақсаты:оқушыны қызықтыратын тақырыбы бойынша жобалау,зерттеу, жұмыстарына белсенділік қабілеттерін қалыптастыру.
Іс - шараға Мұқағали Мақатаев мектебі мен магниттік мектеп мұғалімдері қатысты. Презентацияны қазақ тілі мен әдебиет және биология пәні мұғалімдері :Солтанбаева Дүйсенкүл Тілепбергенқызы «Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарына деген белсенділігін қалыптастыру» жұмысының жүргізілуі қалай жүзеге асады? Ата-ананың келісімі, баланың ынтасы, көңіл-күйі, денсаулығын бақылау, тапсырманы бір жүйеге қою, бәрі де мұғалімнің жауапкершілігіне жүктелетіні жайында айтып өтті. Осындай зерттеу жобасын жүргізгеннің нәтижесінде оқушысы Тұрғынбай Дина Бақытжанқызымен бірге «Қазіргі таңдағы қазақ тілінің өзектілігі , латын әліпбиіне көшуі мен зерттелуі» атты тақырыпта 2021 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының республикалық деңгейіне қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғанын мақтанышпен айттты.
Аталған конкурсқа 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шаңғарақбаева Жанат Сейдалымқызның да оқушысы Құрманалы Ернұр Арманұлы «Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы афоризмдер мен мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні» аттты тақырыпта қатысып, облыстық деңгейінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық деңгейіне қатысуға жолдама алып отырғаны жайында хабарлады. Мұғалім зерттеу жобаны оқушымен қалай жүргізгені жайында өзекті ойын қазақтың біртуар қайраткері, заңғар жазушысы Шерағаның:«Біз Бауыржанды тек батыр деп танимыз, ал ол тұнып тұрған ақыл» деп айтуының өзі тегін емес екенін.Батырдың өнегелі өмір жолынан, ерліктерінен шығармаларынан, естеліктерінен бірнеше мысалдар келтіру арқылы шын мәніндегі халық сүйген , халқын сүйген ер бейнесін көзбен көргендей болдық. Оқушының зерттеу жобасына белгілі бір тақырыпты таңдамас бұрын көп іздену керек екенін.Әсіресе, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелетінін.Сол еңбекті зерделеу арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын айтып өтті. Келесі презентацияны биология пәнінің мұғалімі Берзімбетова Рахат Мақтабекқызы таныстырды.Оқушысы Байрамов Рамиль «Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық деңгейінен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
07.02.2023ж2.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ