Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
2023 жылы 6 ақпанда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 8 «В» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Дулат Исабековке 80 жас» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Дулат Исабековтың шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру. «Әпке» романын түсіну, талдау. Танымдық сағат барысында Дулат Исабековтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәліметтер берді. Романдарын жеке-жеке талдап, «Әпке» романынан жан тебірентер үзінді көріністер қойды. Қабеннің рөлінде – Опабек Нұрдәулет, Қамажайдың рөлінде – Өмірзақ Балжан, Тимурдың рөлінде – Мұсақұл Азамат. «Жақсы адамдарым» әнін орындады. Сынып жетекшісі Казанбаева Гульнур.

2023 жылы 2 ақпанда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 8 «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Дәуірдің дара тұлғасы Мұхтар Әуезовке 125 жыл» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: М.Әуезовтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Танымдық сағат барысында Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәліметтер берді. Романдарын, пьесаларын жеке-жеке талдап, «Еңлік Кебек» пьесасынан жан тебірентер драмалық қойылымдар қойды. Еңлік рөлін сомдаған – Есенқұл Асылайым, Кебек рөлін сомдаған – Әзімжан Қайсар, Нышан абыз рөлін сомдаған – Пахритдинов Бекарыс. Дербес Елнұр және Әзімжан Қайсар «Жаным қазақ» әнін орындады. Сынып жетекшісі Медеубаева Әйгерім.





