Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
Коучинг барысында мұғалімдер рефлексияның маңыздылығын жете түсініп, оқушылар мен мұғалімдердің өзіндік рефлексиялау кезіндегі әрекеттесулеріне талдау жасады. Рефлексияның оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына қарай жасалатын түрлерін ажыратып, олардың маңыздылығына тоқталды.
15.12. 2022 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ресурстық орталығы кезекті сабақ жоспары бойынша , Еңбекші мектебінде үйірме жетекшілері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Қ.Шұратбаева мен Б.Құсаинова «Ақын- ұлттың жүрегі, шешен- көптің тірегі» атты интеллектуалдық сайыс сабағын өткізді. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Олай болса, сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйретіп,топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу еді. Интеллектуалдық ойын 8 айналымнан құрастырылған. Оқушылар Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би болып үш топқа бөлінді. Әр топ өзінің шешен тілімен, ой ұшқырлығымен тіл байлығымен ерекшеленіп, топ басшылары өздерін таныстырды.Барлық кезеңде топ басшылары мен сайыскерлер белсенділік танытып, әділқазылар алқасының әділ шешімімен жеңімпаздарды марапаттады.Сайыс соңында М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) эксперимент ісі жөнінде орынбасары Б.Джексенбаева, Еңбекші мектебінің ұстаздары мен оқушыларына алғысы мен ризашылығын білдірді. «Бүгінгі жастар ілім –білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет"- деп жылы лебізін жаудырды. Интеллектуалдық сайыс соңында әр топ басшылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

2022жылдың желтоқсан айының 8-і күні М.Мақатаев орта мектебінің мұғалімдері, үйірме жетекшілері Боранбаева Ш, Қайыржанова Г және Ф.Абдукаимованың ұйымдастыруымен Жайсан орта мектебінде 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен ұлттық дәстүрді дәріптеу, оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында "Өнер қылып -ой түзе, жұмыс қылып-бойтүзе"тақырыбында сайыс сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушыларда өз кезегінде білімдерінің сапалы екенін көрсете білді.

01.12.2022ж күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) денешынықтыру пәнінің мұғалімі Айтишев Руслан Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке 8-11сыныптар арасында түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыс комбинацияларын жалпылау және жетілдіру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, сабақ кезінде бір біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру, өмір бойы оқуға дайын болу мақсатында «Көңілді эстафета» атты жарысы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар жақсы көңіл күйде қатысып, жинаған ұпайларымен командалар «Тарлан», «Қыран», «Барыс» командалары жүлделі орындарға ие болды.



