Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


11ақпан күні, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектінде (РО) Хан Тәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Есіңе мені алғайсың» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты: Сөз құдіретін бағалай білетін жас ұрпақтың бойындағы ақынға деген сезімін, сүйіспеншілігін арттыру арқылы поэзияны сүюге, оны мақтан тұтуға үйрету. Кеш барысында, бір өлеңге мың бір жұмбақ жасыра білген, қазақтың басына қонған бағы, жиырмасыншы ғасырдың бір туар асылы, «әр өлеңі бір әлем» Мұқағали Мақатаевтың Отан, туған жер, махаббат, өмір жайлы өлеңдері мәнерлеп оқылды. Ақынның сөзіне жазылған «Отан», «Мен деп ойла», «Әке», «Айтатын саған сырым бұл», «Қарасазым-ай», «Жарығым-ай», «Есіңе мені алғайсың» әндері шырқалды, Ақын-журналист- Ахметжан Қосақовтың ақынға арналған арнау өлеңдері де көрермен көңіліне жол тапты. Кештің соңғы бөлімінде ақынның «Арыз жазып кетейін» тақырыбында өмір жолынан алынған көрініс көрсетіліп, көрермендердің жүректерін тебірентіп, ерекше сезімге бөледі. Кеш соңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шу ауданының құрметті азаматы, ақын-журналист-Ахметжан Ақбұқаұлы ақын туралы естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға, мектеп ұжымына ақ жол тілеп, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, мектеп директоры Махаббат Сұлтанқызы қонақтарға ақынның өлеңін оқып, жылы лебізін білдірді.



