Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
Құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу өтті!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де «Заң және тәртіп » айлығы аясында әр дүйсенбіде өтетін лездемеге Шу АПБ ЮПТ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Тойбаев Азамат Канатович 5-7 сынып оқушыларымен кездесіп мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға сабақты себепсіз жібермеу, мектеп қабырғасында тәртіпті сақтау үлкен өмірге деген дайындық екені туралы айтты. Заң деген не? Оқушы құқықтарына не жатады? Оқушы міндеттеріне не жатады ? азаматтық жауапкершілік дегеніміз не ? сұрақтары төңірегінде ақпарат беріп өтті. Әкімшілік құқық бұзушылық тура кодекстің (ӘҚБтК) 65-бабы кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауапкершілігі, 73-1 бабы –денсаулыққа жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу, 127 бабы ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі ,128-бабы кәмелетке толмағанды құқық бұзушылыққа тарту , 434 –бабы –ұсақ бұзақылы , 442-бабы –түнгі уақытта кәмелекетке томағандардың ойын-сауық орындарында болуы , 448 бабы –вандализм баптары бойынша түсіндірме –ақпараттандыру жұмыс жүргізілді.
 
627386597_1651312636247789_1303298701422351221_n.jpg
Қаңтардың 29 күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) дебат үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен 9 -10 сынып аралығында «Заң және тәртіп» тақырыбында дебат турнирі өтті .
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыни ойлауын дамыту, заңға құрмет пен тәртіпке жауапкершілік қалыптастыру болды.
Турнирге 9 -10 сынып оқушылары қатысып, қоғамдағы заң мен тәртіптің рөлі, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, тәртіптің негізі – заң ба, әлде тәрбие ме деген мәселелер бойынша өзпікірлерін білдірді.Қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, пікірталас мәдениетін сақтай отырып, белсенділік танытты.
Іс-шара соңында үздік командалар мен спикерлер марапатталды. .
                          627171374_1650342076344845_4939846016766493705_n.jpg
2026 жылдың қаңтар айының 27-сі күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 4,8 сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторингілеу арқылы білімдегі олқылықтармен жұмыс бойынша талдау жұмысы жүргізілді.
Талдауға 4 сынып бойынша математика, жаратылыстану/дүиентану, қазақ тілі/орыс тілі пәндері, ал 8 сыныптар бойынша Алгебра/геометрия, қазақ тілі/ орыс тілі, қазақ/ орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, биология, физика, химия пәндерінің пән мұғалімдері қатысты. Әр пән мұғалімдері өз талдауларын таныстырып өтті. Жиында оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізудің негізгі мақсаттары айқындалды. Атап айтқанда, оқушылардың өзекті білімі мен дағдыларының деңгейін анықтау, оқу траекториясын түзету, білім беру бағдарламасының орындалуын бақылау және білім беру үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиын соңында 4,8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін мониторингілеу 10 күн сайын өткізілетіндігі туралы ұсыныс қабылданды.
 
624550027_1648006523245067_7373152780366035782_n.jpg
Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО)КММ
"N°10 Шу колледжінің
ұстаздары келіп 9 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
" Ауыл шаруашылығын механикаландыру, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу,
шаштараз маманы,нан пісіру,макарон және кондитер өндірісі,дәнекерлеу ісі,электргазымен темір жол вагон жөндеу слесары, дәнекерлеуші,
тракторист-машинист" мамандықтар бойынша 9-сыныптарға мамандар даярлау бойынша ақпараттар берді.
Оқушылар сұрақ-жауап арқылы өздеріне керекті мағлұматтар алды.
Педогог-профориентатор
Асаиынова Ж. Алатаева А.
624456658_1648076883238031_6996436016287001009_n.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ