2026 жылдың қаңтар айының 27-сі күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 4,8 сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторингілеу арқылы білімдегі олқылықтармен жұмыс бойынша талдау жұмысы жүргізілді.
Талдауға 4 сынып бойынша математика, жаратылыстану/дүиентану, қазақ тілі/орыс тілі пәндері, ал 8 сыныптар бойынша Алгебра/геометрия, қазақ тілі/ орыс тілі, қазақ/ орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, биология, физика, химия пәндерінің пән мұғалімдері қатысты. Әр пән мұғалімдері өз талдауларын таныстырып өтті. Жиында оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізудің негізгі мақсаттары айқындалды. Атап айтқанда, оқушылардың өзекті білімі мен дағдыларының деңгейін анықтау, оқу траекториясын түзету, білім беру бағдарламасының орындалуын бақылау және білім беру үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиын соңында 4,8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін мониторингілеу 10 күн сайын өткізілетіндігі туралы ұсыныс қабылданды.





