Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
МЕНЮ
Шу ауданының білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 15 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Кітап бетбелгілері емес» қысқа метражды фильмі 9-11 сынып оқушыларына көрсетіліп талқылау түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Есіртікі тасымалдаушылар деген кімдер? Неліктен адамдар есірткі тасымалдаушы болуға келіседі? Есірткі тасымалдаушы болудың қандай қауіптері бар ? деген сұрақтар төңірегінде талқылау жасалды. Талқылау барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы Есірткі , психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтіні түсіндірілді.. Осы аталға қылмысты жасағаны үшін 3-жылдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатыны айтылды.
#Заң және тәртіп айлығы

Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 15 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Бала тәрбиесі: Қоғам назары және отбасы құндылықтары!» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы А. Тойбаев , ата-аналар комитетінің төрағасы Есдаулетов Ғабит Әбітайұлы және ата-аналар қатысты.
Күн тәртібінде
1.2025-2026 оқу жылындағы 1 жартыжылдықтың қорытынды есебі
( жауапты: Мектеп әкімшілігі)
2.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша есеп (жауапты: мектеп социологы)
3.«Воспитание детей: общественное внимание и семейные ценности!» (жауапты: сынып жетекшілер Халық Айшабибі, Адишеев Бекнур)
4.Қауіпсіздік шаралары; (жауапты : ИНД Кызарбеков Нариман)
5. Әртүрлі мәселелер
Жоғарыда қойылған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар мен есептер берілді. Ата-аналар тарапынан мамандарға тиісті сұрақтар қойлып тиісіті жауаптарын алынды.. Бала қауіпсіздігі ескертіліп, отбасы құндылықтарын назар аудару ұсынылды.

“Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)”КММ -де Заң жіне тәртіп айлығы аясында “Құқықбұзушылықсыз мектеп” челленджі ұйымдастырылып
өткізілуде .Заң , тәртіп, құқық ұғымдарын кеңінен аша түсу мақсатында бейнебайқаулар жасалуда.
М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде қаңтар айының 12-жұлдызында "Заң және тәртіп" айының ашылуы болды. Бұл іс- шарада құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушылар түсінді. Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды. Мақсатымыз қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға бағыт- бағдар берілді. Іс-шарада оқушыларға жағдаят сұрақтар қойылды. Оқушылар ойын ашық жеткізді.
#заң_және_тіртіп_айлығы
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


