Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
Шу ауданы «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі» КММ –де Заң және тәртіп айлығы аясында «Бала құқығы- асыл қазына». «Заңды құрметтеу –жауапкершілікті арттыру » тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға : Заңның қоғамдағы рөлі мен маңызы, заңсыздықтың салдары туралы пікірталас ұйымдастырылып , «Жауапкершілік» пен «құрмет» ұғымдарының адам өміріндегі орыны талқыланды.Өздерінің күнделікті іс- әрекеттерінде заңды құрметтеудің мысалдарын ортаға салды. Мақсатымыз: барлық оқушыларға заңға сенім мен құрмет сезімін қалыптастыру, әрі әрбір әрекетіміздің жауапкершілігін сезіну.
615799212_1634274501284936_5629978269621007558_n.jpg
Шаттыққа толы шырша мерекесі!
Шу ауданы «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ –де 2025 жылдың 22-26 жетоқсан аралығында «Қош келдің , Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды.Меркелік шыршаға мектебіміздің 1371 оқушысы қатысып көтеріңкі көңіл күймен ән-жырдан шашу шашып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері балаларға ғажайыпқа толы көңіл күй сыйлады. Жаңа жыл барлық отбасыға бақ пен береке, татулық пен шаттық әкелсін . Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
605904777_1624073948971658_8470133905603311665_n.jpg
Құрметті ата—аналар!
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі(РО)" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Балалар мен ата-аналардың білім беру және тәрбиелеу объектілерінің жанында орналасқан сауда объектілерінде шығу тегі белгісіз тамақ өнімдерін сатып алу фактілеріне сәйкес хабарлайды.
Көбінесе бұл өнімдер, өндіруші туралы ақпарат, сәйкестік туралы декларация, санитариялық, гигиеналық және техникалық талаптардың сақталуы туралы мәліметтер жоқ өнімдер.
Мұндай өнімді сатып алу және тұтыну балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді, атап айтқанда, тамақтан улануды, жұқпалы ауруларды, аллергиялық реакцияларды, тыйым салынған немесе нормадан асатын химиялық заттардың әсерін, өнімнің микробиологиялық ластануын тудыруы мүмкін (мысалы, дәмдеуіштер мен химиялық қоспалардың каустикалық қоспасы асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын «күйдіруі» мүмкін. Сонымен қатар, тұз бен дәмдеуіштердің жоғары мөлшері оларды жүрек-қан тамырлары және бүйрек аурулары бар адамдар үшін жарамсыз етеді. Балаларға арналған кейбір чиптерде композицияның 1/3 бөлігін май алады, ал өнімдегі гидрленген май семіздік, тромбофлебит, атеросклероз сияқты ауруларды тудырады).
Таңбалау мен құжаттардың болмауы өнімнің қауіпсіздігін, өндіріс жағдайларын, сақтау және тасымалдау режимін, жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн.
2025 жылы облыста сауда объектілеріне байланысты тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркелді, онда 19 адам зардап шекті, оның ішінде 16 бала.
Қауіпті өнімді пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу, сондай-ақ балалардың денсаулығын қорғау мақсатында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі білім беру және тәрбиелеу объектілерінің басшыларын ата-аналармен және балалармен сауда желісінде шығу тегі күмәнді және белгісіз тауарлар мен өнімдерді сатып алуға тыйым салу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу шарттары сақталатын және сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар заңды жеткізушілерден ғана сатып алу қажет.
Балалармен және ата-аналармен уақтылы жүргізілген түсіндіру жұмыстары санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге, балалардың денсаулығына қауіп-қатерді азайтуға көмектесетіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
602379372_1621388772573509_3855655923950916362_n.jpg
Шу ауданы "Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)" КММ
26 желтоқсан күні кәсіптік бағыт беру мақсатында Астана қаласында орналасқан
Қазақстан Республикасы
Әскери колледжі– Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орнының білім алушысы
мектебіміздің түлегі
Несіпхан Арман
9 сынып ұлдарымен кездесіп оқу орны жайлы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандықтар:
1) «Автоматтандыру»
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандық:
байланыс техникалық құралдары, радиотехника және автоматтандыру.
2) «Қару-жарақ пен әскери техниканы техникалық қызмет көрсету»
(пайдалану және жөндеу бойынша техник-механик).
3) «Барлау бөлімшелерін басқару»
(кіші сержант біліктілігін беру арқылы).
4) «Мотоатқыш (механикаландырылған) бөлімшелерді басқару»
(кіші сержант біліктілігін беру арқылы).
ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Әскери колледждің негізгі мақсаты –
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру үшін
кіші командалық құрамды даярлау.
Әскери колледждің міндеттері:
– кәсіби білім алу үшін қажетті жағдай жасау;
– оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыда қалыптасуына жағдай жасау;
– ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктерін меңгеру.
Оқушыларға ақпарат беріліп, арнайы буклеттер таратылды.
#Педагог-профориентолог
Ж.Асаиынова. А.Алатаева
600448601_1621391969239856_257622130758614553_n.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ