Шу ауданы «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі» КММ –де Заң және тәртіп айлығы аясында «Бала құқығы- асыл қазына». «Заңды құрметтеу –жауапкершілікті арттыру » тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға : Заңның қоғамдағы рөлі мен маңызы, заңсыздықтың салдары туралы пікірталас ұйымдастырылып , «Жауапкершілік» пен «құрмет» ұғымдарының адам өміріндегі орыны талқыланды.Өздерінің күнделікті іс- әрекеттерінде заңды құрметтеудің мысалдарын ортаға салды. Мақсатымыз: барлық оқушыларға заңға сенім мен құрмет сезімін қалыптастыру, әрі әрбір әрекетіміздің жауапкершілігін сезіну.





