Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
«ЖОҚ» дейтін жеті ереже» жадынама
Балаларға қатысты қатыгездік көрсетудің алдын алу мақсатында мектепте «ЖОҚ» дейтін жеті ереже» атты ақпараттық жадынама 1-4 сынып оқушыларына таратылды.
Жадынама арқылы оқушыларға жеке қауіпсіздік, өз шекарасын қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қауіпті жағдайда көмек сұрау жолдары түсіндірілді.
Бұл бастама балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
«ЖОҚ» деп айту – өзіңді қорғау!
618269685_1642028957176157_356919819483487293_n.jpg
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ кітапханасының оқу залында 2025 жылдың 21 қаңтар күні Ұлт-азаттық көтеріліске 110 жыл толуына орай «Азат рухтың алдаспаны» атты библиошолу магниттік мектеп оқушыларымен ұйымдастырылды. Ұлт тарихындағы маңызды оқиғаның шынайы сипатын жас оқырмандардың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шарада кітапханашы Айнаш Жанатауова Құспанқызы 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтерілістің шығу тарихына кеңінен тоқталды. Іс-шара соңында кітапханашы Әйгерім Әбдеш магниттік мектеп оқушыларын мектеп кітапханасының кітап қорымен таныстырып, кітап оқуға шақырды.
615828109_1640658797313173_1760211064019918546_n.jpg
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ кітапханасының оқу залында 2025 жылдың 16 қаңтар күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Камераға түсіп қалма» ойыны 3 «В» сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас оқырмандарды кітапхана қорына түскен балаларға арналған әдебиеттермен таныстыру.
Снифыыымок.JPG
«Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Инаятқызымен кездесу!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 15 қаңтар күні «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Инаятқызымен кездесу болды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының аясында Қазақстан халқы ассамблеясы Жамбыл облысының аналар кеңесінің «Балам заңнан аттама» жобасы аясында кездесуге келген қонақтар отбасы құндылықтары туралы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың қоғам үшін қауіп-қатерлері туралы ой бөлісіті. Кездесуге 8-9 сынып білім алушылары қатысты. Кездесу тәрбие мен тағылымға толы,алар копақпараттарға толы болды.
Снимййок.JPG
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ