Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
06.02.2026ж. күні Калыкова Т.Ж. 4 «Г» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Көмектес септігі» тақырыбында тиімді сабақ өткізді.
Сабақ құрылымы жаңартылған білім беру мазмұнына сай өткізілді және белсенді оқыту әдістері қолданылды.
Атап айтқанда:
-Топтық және жұптық жұмыс;
-«Пазл құрастыру» әдісі;
-«Футбол ойыны» әдісі;
-«Себеттегі алма» әдістерімен деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ барысында көрнекіліктер,тірек сызбалар, сөз жұмбақтар пайдаланылды.
Бағалау барысында қалыптастырушы бағалау жүйесі тиімді қолданылып, оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары дамытылды.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылардың түсіну деңгейі анықталды.
0602титм_3.JPG
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ
5 сынып оқушыларымен «Армандар орындалады» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты:
Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, мамандық таңдай білуге бағыт беру.
Мамандықты армандау әр баланың болашақта кім болғысы келетін арманы бар. Бірі – дәрігер, бірі – мұғалім, тағы бірі – ұшқыш немесе спортшы болуды қалайды. Мамандық – адамның өзіне ұнайтын пайдалы ісімен айналысуы. Мамандықты дұрыс таңдау үшін неге қызығатыныңды білу керек, қабілетіңді тану керек, жақсы оқу қажет еңбектену маңызды. Арман мамандық бірден орындалмайды, ол үшін кішкентай қадамдардан бастау керек. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман. Арман мамандыққа - болашаққа апарар жол. Ең бастысы – өз арманыңа сену.
Тренинг сәлемдесу жаттығуымен басталды. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып сәлемдесті. Төрт құбылыс, ептілік, сиқырлы әріптер тақырыбында тренингтер өткізілді.
Қорытынды: Оқушыларға әр мамандықтың адам өміріндегі маңызы,орны қажет екені туралы түсінік қалыптасты.
630411533_1657485098963876_2553595342041104537_n.jpg
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл
Шу ауданы «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)» КММ-де қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай сынып сағаттары мен «Мұқағали оқулары» челленджі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Поэзияға деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты дәріптеген тағылымды шара өтті.
 
1443vbgngngb_1.JPG
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-нің кітапханасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары» тақырыбында әдеби сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Жанатауова Айнаш Құспанқызы қазақтың мұзбалақ ақыны М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығын кеңінен насихаттап, «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесін таныстырды. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың терең философиялық ойға, мөлдір сезімге толы өлеңдерін оқыды.
 
1434jbmnm_1.JPG
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ