Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) шығармашылық тобының жоспарына сәйкес «Lesson Study – мұғалім әлеуеті мен оқушы қызығушылығын арттырудағы пәрменді тәсіл» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдерге оқу үдерісінде Lesson Study тәсілін тиімді қолдану жолдарын көрсету, сондай-ақ мұғалімдердің бірлескен кәсіби әрекет арқылы тәжірибе алмасуына жағдай жасау болды. Семинарға әр пән бірлестіктерінен мұғалімдер қатысып, белсенділік танытты.
Семинар барысында алдымен Lesson Study ұғымына теориялық түсінік берілді. Байболатова Ақмарал Lesson Study-дің негізгі кезеңдеріне тоқталып, әр кезеңнің маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Практикалық бөлімінде мұғалімдер оқу мақсатын анықтап, оқушылардың мүмкін болатын қиындықтарын болжады, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді бірлесе талқылады. Бұл жұмыс мұғалімдердің өзара ынтымақтастығын арттырып, кәсіби диалог орнатуға ықпал етті. Сонымен қатар Lesson Study-дің мұғалім әлеуетін арттырудағы рөлі кеңінен талқыланды. Мұғалімдер Lesson Study арқылы өздерін тек сабақ беруші емес, зерттеуші ретінде сезінетінін жеткізді. Оқушы қызығушылығын арттыру мәселесі де семинардың маңызды бөлігінің бірі болды. Lesson Study нәтижесінде сабақтар оқушыға бағытталған, қызықты әрі белсенді. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, өз ойын еркін айтуға, ізденуге деген қызығушылығы қалыптасады.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, Lesson Study тәсілінің маңыздылығын атап өтті. Бұл семинар мұғалімдер арасында ынтымақтастықты нығайтып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған ортақ мақсатты қалыптастырды. Lesson Study тәсілін тиімді қолдану арқылы мұғалімдердің әлеуеті артып, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы мен белсенділігі жоғарылайтыны анық.





