Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ
5 сынып оқушыларымен «Армандар орындалады» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты:
Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, мамандық таңдай білуге бағыт беру.
Мамандықты армандау әр баланың болашақта кім болғысы келетін арманы бар. Бірі – дәрігер, бірі – мұғалім, тағы бірі – ұшқыш немесе спортшы болуды қалайды. Мамандық – адамның өзіне ұнайтын пайдалы ісімен айналысуы. Мамандықты дұрыс таңдау үшін неге қызығатыныңды білу керек, қабілетіңді тану керек, жақсы оқу қажет еңбектену маңызды. Арман мамандық бірден орындалмайды, ол үшін кішкентай қадамдардан бастау керек. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман. Арман мамандыққа - болашаққа апарар жол. Ең бастысы – өз арманыңа сену.
Тренинг сәлемдесу жаттығуымен басталды. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып сәлемдесті. Төрт құбылыс, ептілік, сиқырлы әріптер тақырыбында тренингтер өткізілді.
Қорытынды: Оқушыларға әр мамандықтың адам өміріндегі маңызы,орны қажет екені туралы түсінік қалыптасты.




