Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
МЕНЮ
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларының ұйымдастырумен “Заң және тәртіп” қағидаты аясында түсірілген бейнероликтің мақсаты - жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру заңды құрметтеу және қоғамдық тәртіп сақтау маңызын көрсету. Заң және тәртіп - бейбіт қоғамның негізі.
Заңды білейік, сақтайық, құрметтейік.
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында 6 ақпан күні ақиық ақын М. Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мақатаев оқулары» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі Джунусалиева Маргарита арнау сөзбен ашты. Байқау Мұқағалидің туған жеріне арналған «Қарасазым» әнімен басталып, әнді бастауыш сынып мұғалімі Дауталиева Рабиға өз оқушысы Айнел Медетханмен бірге орындап шықты.
Одан әрі байқау ақынның өлеңдері мен әндеріне ұласып, көптеген оқушылар жатқа өлеңдер мен жырларды мәнерлеп оқыды. Байқау жоғары деңгейде өтті. Соңында мектеп директоры М. Сұлтанова мен Б. Жексенбаева сөз сөйлеп, қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, оқушыларды дипломдармен марапаттады.
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) шығармашылық тобының жоспарына сәйкес «Lesson Study – мұғалім әлеуеті мен оқушы қызығушылығын арттырудағы пәрменді тәсіл» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдерге оқу үдерісінде Lesson Study тәсілін тиімді қолдану жолдарын көрсету, сондай-ақ мұғалімдердің бірлескен кәсіби әрекет арқылы тәжірибе алмасуына жағдай жасау болды. Семинарға әр пән бірлестіктерінен мұғалімдер қатысып, белсенділік танытты.
Семинар барысында алдымен Lesson Study ұғымына теориялық түсінік берілді. Байболатова Ақмарал Lesson Study-дің негізгі кезеңдеріне тоқталып, әр кезеңнің маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Практикалық бөлімінде мұғалімдер оқу мақсатын анықтап, оқушылардың мүмкін болатын қиындықтарын болжады, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді бірлесе талқылады. Бұл жұмыс мұғалімдердің өзара ынтымақтастығын арттырып, кәсіби диалог орнатуға ықпал етті. Сонымен қатар Lesson Study-дің мұғалім әлеуетін арттырудағы рөлі кеңінен талқыланды. Мұғалімдер Lesson Study арқылы өздерін тек сабақ беруші емес, зерттеуші ретінде сезінетінін жеткізді. Оқушы қызығушылығын арттыру мәселесі де семинардың маңызды бөлігінің бірі болды. Lesson Study нәтижесінде сабақтар оқушыға бағытталған, қызықты әрі белсенді. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, өз ойын еркін айтуға, ізденуге деген қызығушылығы қалыптасады.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, Lesson Study тәсілінің маңыздылығын атап өтті. Бұл семинар мұғалімдер арасында ынтымақтастықты нығайтып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған ортақ мақсатты қалыптастырды. Lesson Study тәсілін тиімді қолдану арқылы мұғалімдердің әлеуеті артып, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы мен белсенділігі жоғарылайтыны анық.

Шу ауданы «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі » КММ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2-6 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларына арналған «Мен қарап тұрып, үндемедім ... Ал сен ше ?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Іс-шара барысында:буллингтің түрлері мен белгілері;буллингтің салдары;қиын жағдайға тап болған кезде көмек сұрау жолдары;құрдастар арасындағы қарым-қатынаста әдеп пен жауапкершілік тақырыптары түсіндірілді.Сынып сағаттары бейнероликтер көрсету, жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас, сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдірді.Нәтижесінде оқушылардың буллинг мәселесіне деген көзқарасы қалыптасып, бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету дағдылары нығая түсті.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


