Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
Қаңтардың 30 күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ресурстық орталықтың дамыту блогында жүргізілетін үйірме жұмыстарының презентациясы өткізілді.
Үйірме жұмыстарының тұсаукесері «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» деген тақырыпта Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімін насихаттау бағытында жүргізілді. Сыр-сұхбат түрінде жүргізілген іс-шараны «Асыл сөз» үйірмесінің жетекшісі М.Жантаев жүргізіп әр жеткіншекке ойсаларлық Абайдың ғылым, білім, еңбек, кәсіп бағытындағы ойлары мен шешендік өнер жауһарлары Шал ақын, Хайдар би, Ақтамберді жыраулардан мысалдар келтірді. М.Беспаевтың орындауындағы «Ойлан балам» әнімен басталған сыр-сұхбат мектепте жүргізіліп жатқан көркемсөз, көркем еңбек, тарих, экология, робототехника, қол өнер үйірмелерінің тыныс-тіршілігі туралы мәліметтерге ұласты. Оқушыларды кәсіпке, өнерге, еңбек пен білімге шақыруға арналған іс-шара «Бір бауырсақ – бір мақал» ойыны арқылы қорытылып, Абайдың «Сегіз аяқ» әнімен тұжырымдалды. Сыр сұхбат айдарымен өткізілген іс-шараға директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы қорытынды жасап, «Үйірме тынысы» атты үнқағазын айсайын шығарып отыруды тапсырды.
625199660_1648259559886430_769442828021794538_n.jpg
«Қазақ есебі» челленджі!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі(РО)» КММ –нің математика пәні мұғалімі Данебекова Ақнұрдың ұйымдастырумен «Қазақ есебі» челленджі жасалды. Мақсаты: Ұлттық танымға негізделген математикалық есептер арқылы оқушының логикалық ойлауын, ұлттық дүниетанымын және қызығушылығын арттыру, қазақ халқының дәстүрлі есептеу мәдениетін насихаттау. Челлендждің мазмұны: қазақтың тұрмыс-тіршілігіне , салт-дәстүріне, мал шаруашылығына, уақыт пен өлшем бірліктеріне негізделген ұлттық есептерді шығару.
2301rsp.JPG
Қыс мезгілінде қауіпсіздік пен тазалықты сақтау мақсатында мектеп аумағында 2026 жылдың қаңтар айында күні «Жас Ұлан» ұйымы, «Өзін - өзі басқару ұйымының» ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Қамқор» әлеуметтік жобасы шеңберінде «Қар десанты» волонтерлік акциясы негізінде қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға оқушылар белсене қатысып, жаяу жүргіншілер жолы, мектеп ауласы мен кіреберіс алаңдарды қардан тазартылды.
Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, еңбек мәдениеті мен ұжымдық жауапкершілікке баулу жұмыстары жүргізілді. Бірлескен еңбек оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырады. Аталған іс-шараға 8-9-10 сынып оқушылары қамтылды. Волонтерлік іс-шаралар бұдан ары қарай жалғасын табады.
2301rfh.JPG
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) тірек және магниттік Алға, Жайсан, Еңбекші мектептерінің 7 сынып оқушылары арасында физика және математика пәндері бойынша «Bilim Orda» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: тірек мектеп пен магниттік мектептер арасындағы білім беру ынтымақтастығын нығайта отырып, оқушылардың математика және физика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру және дарынды, қабілетті оқушыларды анықтау болды.
Олимпиада директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаеваның ұйымдастыруымен және физика пәні мұғалімі Б.Сайлаубаев пен математика пәні мұғалімдері С.Дауренбекова, А.Балхожаева, Н.Тілеуқұлдың бастамасымен қаңтар айының 21 күні өткізілді. Олимпиада барысында әр пән бойынша Бас жүлде, I, II, III орын иегерлері анықталып, сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Атап айтар болсақ, Математика пәні бойынша «Бас жүлде» иегері тірек мектептің оқушысы Бақытжан Орынбасар, І орынды Алға орта мектебінің оқушысы Секербек Раяна, ІІ орынды Еңбекші орта мектебінің оқушысы Мырзақұл Нұрай, ІІІ орынды М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің оқушысы Төлепберген Дана алса, физика пәні бойынша «Бас жүлде» Жайсан орта мектебінің оқушысы Смайылбек Айсұлтан, І орынды Алға орта мектебінің оқушысы Әбдірәсіл Айша ІІ орынды Еңбекші орта мектебінің оқушысы Мұқан Айша, ІІІ орынды Алға орта мектебінің оқушысы Қараубек Аяулым иеленді. «Бас жүлде» алған оқушыларға 10 мың теңге көлемінде сертификат табысталып, ал І-ІІ орын алған оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Осы орайда ерекше атап өтетін жағдай білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, дипломдарды өз қолымен табыстады. Бұл әрине оқушылар үшін ерекше күн мен қайталанбас сәт еді. Олимпиада өте жоғары деңгейде өтті.
«Bilim Orda» олимпиадасы – жас ұрпақтың ғылымға деген ынтасын оятып, болашаққа сенімді қадам жасауына жол ашқан мазмұнды білім сайысы болды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
601924295_1641793913866328_5294127838862515948_n.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ