Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
М.Мақатаев тірек орта мектебінде «Назарбаев зияткерлік мектебінің» ұйымдастыруымен функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында 4 сыныптардан қазақ тілі, математика, жаратылыстанупәндерінен, 8 сыныптар аралығында: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, биология, физика, химия пәндерінен тест жұмыстары алынды. Қорытындысы шығарылып, 4-8 сыныптарға сабақ беретін аталған пән мұғалімдерімен талдау жұмыстары жүргізілді. Әкімшілік тарапынан келешекте жіберілген қателермен әр оқушымен олқылықпен жұмыс жүргізу тапсырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мұқағали Мақтаев атындағы тірек орта мектебі (РО)»КММ 2025 жылдың 15желтоқсан күні «Жеңісімді тәуелсіздікке арнаймын» атты салатантты марапаттау іс-шарасы жүргізілді.Марапаттауда оқушыларымыздың спорттан, шығармашылықтан , олимпиадалар мен түрлі байқаулардан алған жетістіктері мен медальдары салатантты түрде табысталды. Оқушыларымыздың жеңісті күндері көп болсын,толағай табыстар тілейміз!






