Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде желтоқсан айының 19-ыншы жұлдызында Ұлы Абайдың 180 жылдық мерей тойына арналған әдеби-сазды кеш өткізілді
Тақырыбы: «Мәңгілік ел шоқтығы – Абай жұлдызы» Әдеби-сазды композицияда Абайдың толық адам ілімін насихаттау арқалы «Адал азамат» ұғымының мағынасын ашу көзделді.
Кеш барысы:
1. Абай мұрасын дәріптеу, тарату, кейінгілерге үлгі болу мақсатында ұйымдастырылған мектеп, аурухана, ішкі істер прокуратура қызметкерлері арасындағы челленджбен басталды.
2. Адалдықтың Абай айтқан «Асыл адам айнымас» деген махаббатқа адалдықтан, адамгершілік, достықтан басталуын дәріптеген Абайдың жастық шағын еске алып отыруы «Айттым сәлем, Қаламқас» әнінің тууымен ұштастырылды.
3. Көрініс «Абай жыры -ақындық рухтың алдаспаны, қарасөздері-ұрпақтың ұлы дастаны» деген тақырыппен Абайдың адам бойындағы келеңсіз әдеттерді сынауына арналған, өз еліне деген жанашырлық сезімі, болашағына деген сенімді қалыптастыру үшін қазақтың жолындағы кедергілерден құтылуды «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіне арналған «Қарғалар әуені» қойылымы арқылы көрсетілді.
4. Ақын өлеңдері мен қарасөздерінің мағынасын аша түсу мақсатында тарих пәні мұғалімі Г. Омбаеваның «Бойы бұлғаң» әні, «Өлсем орным қара жер» әнін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Шайдахметованың орындауында шебер қиюластырылды.
5. Абайдың 31- қарасөзі оқушы мен Абай арасындағы диалог арқылы беріліп, көрермендерге, әсіресе оқушыларға кітап оқудың пайдасын, еске сақтаудың шарттарын ұғындыра түсуімен қолжетімді болды.
Әдеби-сазды композиция Абай рөлінде ойнаған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Маратбек Жантаевтың сүйемелдеуімен кештің өн бойына қан жүгіртіп, әсерлі ойға, саналы сезімге, рухани адалдыққа жетелеуімен маңызды болды. Осы істің басы- қасында болып, істің нәтижесін көрсете білген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Жексенбаева, сценарийін жазған Қ. Шуратбаева, А Сабралиева, Г. Кунчашеваларға , барлық ат салысқан мұғалімдерге шығармашылық еңбектері үшін, әр істің барысын түсініп, өз образдарын керемет алып шыққан оқушыларға алғысын білдірген көпшілік риза болып тарқасты.
Кеш соңында қонақтар, еңбек ардагерлері
Ж.Оспанов, Ш.Смағұлова, А.Имановалар, мектеп директоры М.Султановаға, ұстаздар мен талантты оқушыларға ізгі ниеттерін білдірісті. Іс-шараға білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері А.Асқарбек қорытынды жасады .


