Құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу өтті!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де «Заң және тәртіп » айлығы аясында әр дүйсенбіде өтетін лездемеге Шу АПБ ЮПТ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Тойбаев Азамат Канатович 5-7 сынып оқушыларымен кездесіп мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға сабақты себепсіз жібермеу, мектеп қабырғасында тәртіпті сақтау үлкен өмірге деген дайындық екені туралы айтты. Заң деген не? Оқушы құқықтарына не жатады? Оқушы міндеттеріне не жатады ? азаматтық жауапкершілік дегеніміз не ? сұрақтары төңірегінде ақпарат беріп өтті. Әкімшілік құқық бұзушылық тура кодекстің (ӘҚБтК) 65-бабы кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауапкершілігі, 73-1 бабы –денсаулыққа жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу, 127 бабы ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі ,128-бабы кәмелетке толмағанды құқық бұзушылыққа тарту , 434 –бабы –ұсақ бұзақылы , 442-бабы –түнгі уақытта кәмелекетке томағандардың ойын-сауық орындарында болуы , 448 бабы –вандализм баптары бойынша түсіндірме –ақпараттандыру жұмыс жүргізілді.




