Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында 6 ақпан күні ақиық ақын М. Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мақатаев оқулары» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі Джунусалиева Маргарита арнау сөзбен ашты. Байқау Мұқағалидің туған жеріне арналған «Қарасазым» әнімен басталып, әнді бастауыш сынып мұғалімі Дауталиева Рабиға өз оқушысы Айнел Медетханмен бірге орындап шықты.
Одан әрі байқау ақынның өлеңдері мен әндеріне ұласып, көптеген оқушылар жатқа өлеңдер мен жырларды мәнерлеп оқыды. Байқау жоғары деңгейде өтті. Соңында мектеп директоры М. Сұлтанова мен Б. Жексенбаева сөз сөйлеп, қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, оқушыларды дипломдармен марапаттады.


