Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-нің кітапханасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары» тақырыбында әдеби сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Жанатауова Айнаш Құспанқызы қазақтың мұзбалақ ақыны М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығын кеңінен насихаттап, «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесін таныстырды. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың терең философиялық ойға, мөлдір сезімге толы өлеңдерін оқыды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
МЕНЮ
«Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр»
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


