Шу ауданының білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де 15 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Кітап бетбелгілері емес» қысқа метражды фильмі 9-11 сынып оқушыларына көрсетіліп талқылау түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Есіртікі тасымалдаушылар деген кімдер? Неліктен адамдар есірткі тасымалдаушы болуға келіседі? Есірткі тасымалдаушы болудың қандай қауіптері бар ? деген сұрақтар төңірегінде талқылау жасалды. Талқылау барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы Есірткі , психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтіні түсіндірілді.. Осы аталға қылмысты жасағаны үшін 3-жылдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатыны айтылды.
#Заң және тәртіп айлығы





