Шу ауданы "Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)" КММ
26 желтоқсан күні кәсіптік бағыт беру мақсатында Астана қаласында орналасқан
Әскери колледжі– Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орнының білім алушысы
мектебіміздің түлегі
Несіпхан Арман
9 сынып ұлдарымен кездесіп оқу орны жайлы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандықтар:
1) «Автоматтандыру»
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандық:
байланыс техникалық құралдары, радиотехника және автоматтандыру.
2) «Қару-жарақ пен әскери техниканы техникалық қызмет көрсету»
(пайдалану және жөндеу бойынша техник-механик).
3) «Барлау бөлімшелерін басқару»
(кіші сержант біліктілігін беру арқылы).
4) «Мотоатқыш (механикаландырылған) бөлімшелерді басқару»
(кіші сержант біліктілігін беру арқылы).
ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Әскери колледждің негізгі мақсаты –
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру үшін
кіші командалық құрамды даярлау.
Әскери колледждің міндеттері:
– кәсіби білім алу үшін қажетті жағдай жасау;
– оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыда қалыптасуына жағдай жасау;
– ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктерін меңгеру.
Оқушыларға ақпарат беріліп, арнайы буклеттер таратылды.
#Педагог-профориентолог
Ж.Асаиынова. А.Алатаева




