Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
Тақырыбы: «Сабақтарға SMART мақсат қою»
12 ақпан күні мектебімізде «Сабақтарға SMART мақсат қою» тақырыбында Д.Т.Солтанбаева, Г.А.Молдабаева, Ж.Е.Сыздыкова дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің сабақ мақсаттарын SMART форматында құрастыру дағдыларын жетілдіру және тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар SMART әдісінің мәні мен құрылымына тоқталды. SMART – мақсат қоюдың тиімді тәсілі ретінде сипатталып, оның бес негізгі құрамдас бөлігі түсіндірілді:
Specific (нақты), Measurable (өлшенетін), Achievable (қолжетімді), Relevant (өзекті), Time-bound (уақытпен шектелген).
Іс-шарада сабақ мақсаттарын қоюдағы жиі кездесетін қателіктер талданып, дәстүрлі мақсат пен SMART форматындағы мақсаттың айырмашылығы салыстырылды. Мұғалімдерге практикалық тапсырмалар беріліп, олар топтық жұмыс барысында берілген тақырыптарға сәйкес SMART мақсаттар құрастырды. Әр топ өз жұмыстарын қорғап, пікір алмасты.
Сонымен қатар, SMART мақсат пен бағалау критерийлерінің өзара байланысы қарастырылып, оқу мақсаты негізінде нақты сабақ мақсатын құру жолдары көрсетілді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдер талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысында мұғалімдер SMART форматында мақсат қоюдың оқыту сапасын арттыруға, оқушылардың оқу жетістігін нақты бағалауға және сабақ құрылымын жүйелеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға оң ықпалын тигізді.
633458309_1659958742049845_1034708193276759959_n.jpg
634765719_1659958522049867_5593438526448555246_n.jpg
632189796_1659958378716548_3482856677974862757_n.jpg
 
633871676_1659958792049840_9113104433407050345_n.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ