Мұқағали – мәңгілік ғұмыр: мұғалімдер арасында өлең оқу челленджі өтті!
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай мектебімізде мұғалімдер арасында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты өлең оқу челленджі ұйымдастырылды.Аталған челлендждің мақсаты – қазақ поэзиясының заңғары, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, ұстаздар қауымы арқылы жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Челлендж барысында пән мұғалімдері ақынның жүрек тебірентер лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқып, бейнежазба арқылы әлеуметтік желіге жариялады. Әріптестер бір-біріне эстафета жолдап, игі бастаманы жалғастырды.Іс-шара барысында «Үш бақытым», «Аққулар ұйықтағанда», «Саржайлау», «Пай-пай өмір» сынды көркем туындылар оқылып, ақын шығармашылығының тереңдігі мен өміршеңдігі тағы бір мәрте дәлелденді.Бұл челлендж – Мұқағали мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды бастама болып, мектеп ұжымының рухани бірлігін нығайтып, оқушыларға үлгі боларлық өнеге көрсетті.Мұқағали жыры – жүректерге жол табар мәңгілік мұра. Ақынның асыл сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.


