Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай оқушылар арасында ұйымдастырылған челлендж
Мектебімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында "Жырлайды жүрек" атты поэзиялық челлендж ұйымдастырылды.Челлендждің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттау, оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін арттыру және поэзияға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.Іс-шара барысында 5–11 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Челлендждің ерекшелігі – әр сынып келесі сыныпқа жолдау жасап, эстафета түрінде жалғастыруы болды. Бұл оқушылардың белсенділігін арттырып, мерейтой аясындағы іс-шараның ауқымын кеңейтті.Поэзиялық челлендж жас буынның рухани дүниесін байытып, Мұқағали жырларының мәңгілік құндылық екенін тағы бір дәлелдеді.


