Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
МЕНЮ
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) 2-ақпан күні ұлттық поэзия падишасы Мағжан Жұмабаевтың рухына арналған “МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН” атты танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатты ұйымдастырушы: тірек мектебінің 8 “Ә”сынып оқушылар және сынып жетекшісі Ахина Ж. Т. Ресурстық орталық жұмысы аясында өткізілген бұл танымдық сағаттың мақсаты: ақынның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, оқушыларға әрі қарай ізденуге бағыт беру. Аталған танымдық сағатта поэзия падишасының мұрасынан бірқатар шығармалары мен поэмалары жатқа айтылды. Ақынның сан қилы ауыр тағдыры мен жұмбақ өлімі туралы қойылымдар көрсетіліп, бұрын айтылмаған тың деректер де паш етілді. Мағжан ақынның сөзіне жазылған “Сен сұлу” әні шырқалып, “Мен жастарға сенемін” әнін хор ретінде айтып шықты. Оқушылардың ізденімпаздығы мен тыңғылықты дайындығының арқасында танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шара соңында магниттік мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп, ішкі толқыныстарын да жасыра алмады. Кері байланыс парағын толтырған ұстаздар мен оқушылар ұсыныс, лебіздерін білдіріп, танымдық сағат туралы ойларын ашып жазды.
Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева бұл танымдық сағатты ұлы Абайдың
“ Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы” деген өлең жолдарымен баға бере отырып қорытындылады.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 2024 жылдың 31- ші қаңтар күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен және ашылған сыныптармен бірге 8 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.С.Махатованың ұйымдастырумен «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Пазылбекова және мектеп мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат 8 -сынып қыздарының орындауында нәзіктіктен өрілген «Шашу » биімен басталды. Екі жүргізуші танымдық сағатты орамды ойларымен бөлесі отырып жүргізді. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын
екендігін және 912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспаханасында «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке-жеке жинақ ретінде басылған поэмадан сахналық қойылым көрсетіп, шара барысында ғұлама ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындалды. Танымдық сағаттың соңында мектеп мұғалімдермен оқушыларынан кері байланыс алынды. Танымдық сағат өте жоғары деңгейді өтті.

М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде қаңтардың 29жұлдызында “Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім” тақырыбымен қысқы сессияның ашылуы салтанаты өтті.
Ашылу салтанатының мақсаты: “Тірек мектебінің магниттік мектептермен шығармашылық байланысын, мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығын дамыту.
Ашылу салтанатының міндеті: Сессияаралық және сессия кезіндегі атқарылатын жұмыстардың сабақтастығын қамтамасыз ету; магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушыларын
ғылыми - шығармашылық жобалар жасауға бейімдеу; магниттік және тірек мектебінің мақсат-міндеттерін айқындау, жауапкершілікті сезіндіру, өзара шығармашылық байланысты нығайту арқылы білім сапасын көтеру;
Ашылу салтанатына арналған жабдықтау жұмыстары жасалды, көрме қойылды. Атап айтсақ: шығармашылық көрме: тірек мектебінің магниттік мектептермен жүргізілген жұмыстар бойынша фото-көрме кинолентасы жасалды; сессияаралық жұмыстар бойынша тірек және магниттік мектептердің шығармашылық есебі, жинақ папкалары, форум материалдары; оқушылардың жазған пікірлері, кері байланыстары көрмеге қойылды.
Мектеп директоры Алтынкуль Мадиомарқызы Сихимова 4жыл пандемия кезінен кейінгі сесияның дәстүрлі өтуіне арналған ашылу салтанатында ұжымды құттықтап, салтанатты жиынды ашып берді. Келген қонақтардан мектеп мұғалімдері интервью алды. Бастауыш сынып оқушылары келген қонақтарды қошаметпен қарсы алып, тірек мектеп оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды. Әр келген магниттік мектеп делегациясы өз мектептерін тірек мектебімен байланыстыра отырып, таныстырып, өз өнерлерін, жасаған презентацияларын көрсетіп, шаңырақ иесі тірек мектебі оған киілген уық магниттік мектептер екені даналық ағашынан көрінді.
Ашылу салтанатына Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев, Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров, магниттік мектеп директорлары, оқу ісінің орынбасарлары, сынып жетекшілер және тірек мектебінің мұғалімдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.
Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев: Құрметті ұстаздар, оқушылар, керемет іс-шара болып жатыр, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп үлкендер айтатын еді, 10жылдан асып жатқан бұл істеріңіз жалғасын таба берсін. Құрметті оқушылар М.Әуезовтың атамыздың жақсы сөзі бар ғой «Армансыз адам – қанатсыз құстай, арманды адам – құмары қанбас самғап ұшпай» дейді, сол айтпақшы мұғалімдердің еңбегін ақтайтын үлкен тұлға болуларыңа мен тілектеспін.
Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов: Құрметті әріптестер, тірек мектеп ұжымы, магниттік мектеп ұжымы, ресурстық орталықтың кезекті сессияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта бар білімдеріңізді, іс-тәжірибелеріңізді, бар білген жиған-тергендеріңізді осы магниттік мектептен келген оқушыларыңыздың бойына сіңдіресіздер деп ойлаймын. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз алға баса берсін.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров:
Еліміздің болашағы жастар екенін ескерсек, бүгін қайта бастау алып жатқан іс-шара осы жастардың дамуына құйылып жатқан инвестиция деп ойлаймын. Бұл оқушыларға білімі мен біліктілігін арттырып, шығармашылық деңгейін қалыптастыру, достық қарым-қатынастарын нығайтуға деген үлкен мүмкіншілік, алдағы уақытта да бұл іс-шара өз жұмысын жалғасын таба берсін. Осы бағытта оқушыларға өз білгені мен білімін үйретуден жалықпайтын жасампаз ұстаздарға алғыс білдіреміз, шығармашылқ табыстар тілейміз. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!
Еңбекші орта мектебінің директоры Т.Майкеев: Тірек мектебінің директоры Алтын Мадиомарқызы Сихимованың және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Джексенбаеваның жетекшілігімен әрбір сессия кезінде оқу сабақтары, қосымша білім және тәрбие жұмыстары, яғни дамыту блогтары өз алдына жеке жоспарланып, жоғары жауапкершілікпен атқарылып келе жатқанына куә болып келе жаткан магниттік мектептердің біріміз.
Тірек мектебі өз мақсаттарына жету жолында ата-аналарды да жоғары деңгейде бала тәрбиелеуге тарта білді.
Тірек мектебі тек оқушыларға ғана емес мектеп мұғалімдерінің де кәсіби дамуына ерекше ыкпал ете білді. Мәселен, айтар болсак, педагогтеріміз үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) технологиясы бойынша зерттеу сабақтар жүргізіп, тірек мектебінде дуэттік сабақтар өткізді, семминарлар, конференциялар, форумдар, байқаулар ұйымдастырылды. Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, Ғ. Бейсембаев сияқты ғалым-ұстаздармен кездесіп, бірлесе жұмыс аткаруға мүмкіндік туғыза білді.
Шерхан Мұртаза мектебінің мұғалімі Бахыт әпкей : Мұғалімдер осы уақытқа дейін өз тәжірибелерімен алмасып, оқушылар өте көп жұмыстар жасады. Және де оқушыға 7 баламен оқыған қызықпа әлде 24 баламен пікірталастырып оқыған қызықпа. Сол себепті 24баламен тіл табысып, өз білімдерін шыңдап, жетістіктерін көрсетіп, дуэттік сабақтар, спорттық ойындардан осы жерден талай марапаттарға ие болуына осы мектептің еңбегі зор болды. Ауылдың қала балаларына ауыл тәрбиесін: ауылдың балалары ұяң болады, ұяңдықты, биязылықты, қыздардың бұрымдылығын ала келдік, бөлісе білдік. Сонымен қала балалары сүйсіне білді. Осы мектептің мұғалімдері күн демей түн демей үлкен жұмыстар атқарды. Осы жұмыстарды айтқанда Шамшат тәтейдің де еңбегін айта кеткен жөн, ол кісі сөз маржандарын теріп айтуды үйретті, жанамын деген оқушыларға от бола білді. УӘЖ технологиясын бүкіл пәндер бойынша жазып шығып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берді.
Алға орта мектебінің директорының орынбасары Б.Диханбаева: Құрметті әріптестер, жәнеде көздерінде от жанып, білімге деген құштарлықтары артып отырған, бүгіннен бастап тегі артып отырған оқушылар. Біз кішкене ғана мектепте оқыдық, материялдық база рас төмен болды. Сонда бізге келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тірек мектебіне жылына үш рет сессия болады, ауыл балаларынада жақсы нәрсені көрсетеміз деп, эксперимент жасаймыз, білімдерін жоғарылатуға ықпал жасаймыз дегенде қуанып, 2013жылдан тірек мектебі болып құрылғаннан ең бірінші магниттік мектептер болып кіргеннің бірі біздің Алға мектебі болатын. Одан бері қаншама жұмыстар жасалынды. Қаншама жетістікте жетіп жатырмыз. Шамшат тәтейдің еңбегін айтпасақ болмайды. Ғани Бектайұлымен жүргізілген қаншама тренингтері мен семинарларының мұғалімдер мен оқушылардың өсуіне ықпалы зор болды. Осы сессия кезіндеде көп жұмыстар жасалынатына сенеміз. Барлықтарыңызға жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, абырой серік болсын!
Келген қонақтар, мұғалімдерден, оқушылардан кері байланыс алынды. Байқағанымыз, тірек мектебі жұмысына зор шығармашылық табыстар тілеп, бірігіп жұмыс жасауға қызығушылықтарын бар ынталарымен жеткізді. Салтанатты жиын Қ.Алагөзовтың сөзіне жазылған Қ.Молжановтың әні «Қазақ тілі» әнімен аяқталды.

30.01.2024ж. күні қысқы сессия кезіндегі дамыту блогының жоспары бойынша магниттік мектеп оқушыларымен бірге 8 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі С.Дауренбекова «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру болды. Танымдық сағат екі жүргізушінің қатысып отырған оқушыларға ой қозғау мақсатында «Құндылық дегеніміз не?» деген сұрақтан басталды. Оқушылар өз ойын айтқан соң тағы да қысқаша мәліметтер беріліп, танымдық сағаты ары қарай «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде жүргізілді. Бірінші «Жыр думан» қонақтары – сынып оқушылары шығып тіл, ар-намыс, қазақ, жер, Отан туралы өлеңдерін жатқа айтты. Содан соң көрермен оқушыларға «Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата-бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойылып жауаптары айтылды. 3, 5, 7 сандарына байланысты «Үш көз, үш арсыз, үш қуаныш, бес қару, бес ақыл, бес дұшпан, жеті жетекші, жеті қазына, жеті жетім, жеті ата» туралы айтылып, мәлімет берілді. Келесіде «Сән думанның» қонағы мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Шайдахметова тәтейіміз болды. Ол кісі өзінің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қолөнерін: құрақ көрпе, құрақ жастық, киізден жасалған қол дорбалары, моншақтан жасалған өңіржиек, жүннен жасалған жұмыстары жайлы және құрақ көрпе фестиваліне Астана қаласына барып қатысып, Гинес кітабына енгені, алған марапаттары туралы сұхбат беріп, оқушылармен пікір алмасты. «Сән думанның» соңы ұлттық киімдерді дәріптеп, оқушылардың сән үлгісін көрсетуімен жалғасты. «Дәм думан» айдарында «Кока-кола мен қымыз» көрінісі қойылды және оқушылар дайындап келген ұлттық тағамдармен таныстырды. «Ән думан» айдарында Еңбекші орта мектебінің оқушылары Тұрғанбек Гүлмарал мен Руслан Саида өлең айтса, тірек мектебімізден Қанат Даниал «Көңіл толқыны» күйін шертіп тамаша көңіл-күй сыйлады. Жалпы танымдық сағат өз дәрежесінде жақсы өтті. Соңында кері байланыс алынды. Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева сөз сөйлеп, оқушыларға ой-пікірін білдіріп, ұсыныс айтып, сәттілік тіледі. Магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушылар да танымдық сағат туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды паш ету, қазақ екенімізді мақтан ету әрбір елім, жерім деп жүрегі соққан азамат үшін парыз.
Ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпайық! Өзге ұлтқа паш етейік! Білімімізді дамытайық!

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


