Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ
МЕНЮ
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессия уақытында магниттік мектептер: Жайсан, Еңбекші,Шерхан Мұртаза орта мектебінің оқушыларына «Кітап-қазына» тақырыбында танымдық сағат болып өтті.Мақсаты:жас ұрпақты кітап оқуға шақыру.Кітап оқудың пайдасын айта отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Өмірмен ұштастыра сипаттауға, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.Оқушылар кітап оқу арқылы шығарманы түсініп оқи білді, талдай отырып ортақ бір шешім қабылдады.Аталған іс шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі(РО)2024 жылы ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспары негізінде магниттік мектептермен бірге 10 “в”сынып оқушылары және сынып жетекшісі Баетова Анар Ермеккызының ұйымдастыруымен “Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл”атты танымдық сағат өтті.Танымдық сағатымыздың мақсаты: – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың казақстандық ғылымның тарихындағы, қалыптасуы мен дамуындағы, геологияда металлогения бағытының пайда болуындағы көрнекті рөлін көрсету. Ғалымның геология ғылымдары саласындағы ғылыми еңбектерін жалғастырушы Қазақстан ғалымдарының еңбектерімен таныстыру
Танымдық сағаттың міндеттері:
оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет беру;
ой — өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу;
отансүйгіштік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Каныш Сәтбаев туралы кітап көрмесі, буклеттер мен пайдалы қазбалардың сынамалары.
Каныш Сәтбаев туралы қысқаша дерек: Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.1920-1941 жылдары — Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы — әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы — Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған. Қазакстан геологтары жерімізден мол минералды шикізат қорын тауып отыр бұл арада ғұлама ғалым Каныш Имантайұлы Сатбаевтың енбегі ұланғайыр ендігі міндет жаңа экономикалык саясатка сай сол мол қазынаны есепсіз оңды солды шаша бермей бір түйірін де шашау шығармай орнымен жұмсап ұқсатып ел кәдесіне жарату ендігі туралы айтылды. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылғаны туралы оқушылар толғана айтып, өзерінің ән жырлары мен билерін билеп өнерлерімен қоса, Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың балалық шағынан, әйгілі саясаткер Черчиллмен кездескен кездегі оқиғасынан көріністер көрсетті. Ең алдымен Каныш Сатпаев туралы бейнероликті ұсынды. Келесі кезекте оқушылар Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың балалық шағы, студенттік жылдары мен ғылым жолындағы жылдары мен еңбектері және ғалымға қазақ ақындарының арнаған естелік өлеңдері туралы мәліметтерге тоқталып өтті.
10 “В” сынып оқушысы Бекнұрдың орындауында “РАХМЕТ САҒАН ТУҒАН ЕЛ” атты әнді орындап, көрермен көңілінен шықты.
Осы танымдық сағатқа арнап мектебіміздің хореограф Маханова Аселдің үйретуімен“ Сәтбаев вальсі”әніне қыздарымыз би билеп, көрермендердің көңілін көтерді.
Бүгінгі ұйымдастырылған танымдық сағатта Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми еңбектері, ол туралы ғалымдардың естеліктері, Қазақстан ғалымдарының республикадағы геология, металлогения жөніндегі ғылыми еңбектері мен ақын жазушылардың ғалым туралы естеліктері ұсынылды. Сонымен, танымдық сағатымыздың мақсаты – Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстандық ғылымның тарихындағы, қалыптасуы мен дамуындағы, геологияда металлогения бағытының пайда болуындағы көрнекті рөлін көрсету болды. Ұстаздар мен оқушылар танымдық сағаттан алған ой толғауларын ортаға салып өз ойларымен бөлісті.Соңынан барлық оқушылар мен ұстаздар танымдық сағатты “АТАМЕКЕН” әнін хормен айтып аяқтады.
10 “В” сыныптың жетекшісі: Баетова Анар Ермеккызы

2024 жылдың 21 ақпанында Мұқағали Мақатаев тірек орта мектебінде (РО) 11 "Б" сынып жетекшісі А.Қ. Бақтыбековичтың ұйымдастыруымен "Әлия - рух" Әлия Молдағұлова - 100 жыл! атты танымдық сағат өткізілді.
Танымдық сағаттың мақсаты: оқушыларды Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке тәрбиелеу. Әлияның ерлігіне үңіле түсу, ерліктерін оқып үйрену, тану. Әлия Молдағұлова - кеңес мергені, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры. Даңқты батыр қыздың өмірі мен майдандағы өшпес ерліктері туралы слайд-презентация көрсетілімі қойылды, "Әлия майданға келуі", "Әлияға тапсырма", "Сапураға хат" "Әлиямен жүздесу" көріністері қойылды, патриоттық өлеңдер айтылды. Танымдық сағат қысқы сессия аралығында өткізілуіне байланысты М.Мақатаев оқушыларымен қатар магниттік мектептер Ш.Мұртаза, Алға, Еңбекші, Жайсан орта мектеп оқушылары да танымдық сағатқа белсене қатысып, сұрақ-жауаптар қойылып, іс-шараның тарихи мазмұнын қызықтыра түсті. Іс-шара барысында оқушыларға батыр қыздың өмір жолы мен оның ұрыс алаңында жасаған ерлігі көрсетілді. Автоматты уақытқа шашып-жинау сайыстарында, қойылымдарда, "Әлияның жүрегі" "Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі" өлеңдерін мәнерлеп оқуда Жайсан орта мектебінің оқушылары белсенділік танытты, 11 сынып оқушылары соғыс кезіндегі әскери вальс биін орындап, көрермендердің ілтипатына бөленді. Отан үшін отқа түскен батырдың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шара соңында мектеп мұғалімдері және оқушыларға сөз беріліп, өз ойларын білдірді, директордың эксперимент жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева қорытындылады. Танымдық сағат жоғары деңгейде өтті.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) 2024 жылы ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызының ұйымдастыруымен «Биология ғажайып әлемі» атты кеші өтті. Кештің мақсаты: Биология пәнінен өтілген тақырыптары бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, биология әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық ойлау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділіктерін қалыптастыру. Биологиялық кешіміз екі кезеңнен тұрады. 1 кезеңде болашақ биолог зерттеушілері өздерінің таңдаған тақырыптарына сәйкес зерттеу жұмыстарымен таныстырып шықты.
1. «Су – тіршілік көзі» Ақберген Айзат М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
2. «Біз және экология» Мұхаметкерім Арайлым Жайсан орта мектебі
3. «Арал мен Балқаш тағдыры» Оразхан Данагүл Ш.Мұртаза орта мектебі
4. «Көз біздің айнамыз» Боранбаева Жансая М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
5. «Газдалған сусындардың ағзаға зияны» Жеңіс Ермұхаммед Жайсан орта мектебі
6. «Дұрыс тамақтану» Есенқұл Асылайым М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
7. «Темекінің зияны» Нұрқасым Ерасыл М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
Зерттеушілердің тақырыпты ашуы көрермендердің көңілінен шықты. 2 кезең көрермендер ортасынан бес мектеп оқушыларынан белсенді 2 топ құрап, биологиялық бес категориядан тұратын сайыс ұйымдастырылды.
1. Ең, ең, ең
2. Логика биологиядан
3. Әзілді биолгия
4. Мозайка
5. Биолгиялық жұмбақтар
Оқушылары керемет тартысты, білімділер додасы болды. Қорыта келе барша қатысушыларға кешті ұйымдастырған биология пәні мұғалімі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызы марапаттау қағазын табыстады. Көрермен ұстаздар мен оқушылар бүгінгі кештен алған әсерлерімен кері байланыс жасады. Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) директорының ресурстық ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы оқушыларға арнап сөз сөйлеп,өз ризашылығымен бөлісті.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ


