Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ

МЕНЮ
30.01.2024ж. күні қысқы сессия кезіндегі дамыту блогының жоспары бойынша магниттік мектеп оқушыларымен бірге 8 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі С.Дауренбекова «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру болды. Танымдық сағат екі жүргізушінің қатысып отырған оқушыларға ой қозғау мақсатында «Құндылық дегеніміз не?» деген сұрақтан басталды. Оқушылар өз ойын айтқан соң тағы да қысқаша мәліметтер беріліп, танымдық сағаты ары қарай «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде жүргізілді. Бірінші «Жыр думан» қонақтары – сынып оқушылары шығып тіл, ар-намыс, қазақ, жер, Отан туралы өлеңдерін жатқа айтты. Содан соң көрермен оқушыларға «Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата-бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойылып жауаптары айтылды. 3, 5, 7 сандарына байланысты «Үш көз, үш арсыз, үш қуаныш, бес қару, бес ақыл, бес дұшпан, жеті жетекші, жеті қазына, жеті жетім, жеті ата» туралы айтылып, мәлімет берілді. Келесіде «Сән думанның» қонағы мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Шайдахметова тәтейіміз болды. Ол кісі өзінің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қолөнерін: құрақ көрпе, құрақ жастық, киізден жасалған қол дорбалары, моншақтан жасалған өңіржиек, жүннен жасалған жұмыстары жайлы және құрақ көрпе фестиваліне Астана қаласына барып қатысып, Гинес кітабына енгені, алған марапаттары туралы сұхбат беріп, оқушылармен пікір алмасты. «Сән думанның» соңы ұлттық киімдерді дәріптеп, оқушылардың сән үлгісін көрсетуімен жалғасты. «Дәм думан» айдарында «Кока-кола мен қымыз» көрінісі қойылды және оқушылар дайындап келген ұлттық тағамдармен таныстырды. «Ән думан» айдарында Еңбекші орта мектебінің оқушылары Тұрғанбек Гүлмарал мен Руслан Саида өлең айтса, тірек мектебімізден Қанат Даниал «Көңіл толқыны» күйін шертіп тамаша көңіл-күй сыйлады. Жалпы танымдық сағат өз дәрежесінде жақсы өтті. Соңында кері байланыс алынды. Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева сөз сөйлеп, оқушыларға ой-пікірін білдіріп, ұсыныс айтып, сәттілік тіледі. Магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушылар да танымдық сағат туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды паш ету, қазақ екенімізді мақтан ету әрбір елім, жерім деп жүрегі соққан азамат үшін парыз.
Ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпайық! Өзге ұлтқа паш етейік! Білімімізді дамытайық!
30.01.2024ж2.jpg
30.01.2024ж.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ