11 ақпан күні М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 5 «Ә» сыныбында математика пәні мұғалімі Алиева Айнаш Ахметжановна ашық сабақ өткізді.
Сабақ тақырыбы: «Ондық бөлшектерді көбейту».
Сабақ барысында оқушылар ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейту ережелерін қайталап, түрлі деңгейлік тапсырмалар орындады. «Миға шабуыл», сәйкестендіру, топтық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі артты.Сабақта заманауи білім беру технологиялары қолданылып, тапсырмалар дайындауда және тиімді әдіс-тәсілдерді ұйымдастыруда жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылды. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу үдерісін жандандыра түсті.
Сабақтың мақсаты – ондық бөлшектерді көбейту ережесін тиімді қолдана білу және есеп шығару дағдыларын дамыту.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді, ашық журнал арқылы бағаланды. Сабақ өз мақсатына жетті. Ашық сабаққа мектеп әкімшілігінен, басқа да пән мұғалімдері қатысып, өз пікірлерін, тілектерін айтып бағасын берді.





